389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан келешекте кемелдене түсеріне сенімдімін – Джек Стро

  • 198
  • UPD: 17:32, 11.06.2019

Біріккен Корольдік форин-офисінің бұрынғы басшысы Джек Стро Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық қасиеттері ерекше екендігіне тоқталды.

2000-шы жылдары Стро біраз маңызды саяси мәселер бойынша Тоқаевпен әріптестікте жұмыс істегенін тілге тиек етті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін он жыл ішінде жеткен жетістіктеріне әріптестерімен бірге таң қалғаны Джек Строның әлі есінде.

«Қазақстан географиялық тұрғыда өте үлкен мемлекет. Бірақ халық саны салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Ресей және Қытай секілді алып елдермен ортақ шекарасы бола тұра олармен достық қарым-қатынасты бекемдей білген бірегей ел», - дейді экс-дипломат.

Джек Стро, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі /2001-2006/: 

- Мен президент Тоқаевты жақсы  білемін. Оның сыртқы істер министрі ретінде халықаралық мәселелер бойынша жеткен жетістіктері туралы хабардармын. Дипломатия кез келген мемлекет үшін маңызды. Әсіресе осындай көршілері бар Қазақстан үшін. Біріккен Корольдікте бүгінде елдеріңізбен жоғары деңгейде тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қазақстан қаржы орталығы ретінде жақсы дамып келеді. Осыған орай Қазақстанның келешегі одан әрі кемелдене түсетініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы