389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы тұрақтылық оның айналасындағы өңір үшін маңызды – Саясаттанушы

  • 198
  • UPD: 17:32, 11.06.2019
Қазақстандағы тұрақтылық оның айналасындағы өңір үшін маңызды – Саясаттанушы

Қазақстанда өткен президенттік сайлау бүкіл әлемнің назарында болды. Әсіресе бұл үдерісті еліміздің стратегиялық серіктестері, оның ішінде Грузия жіті бақылады.

Ондағы сарапышлар Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ жаңа басшымен екі ел арасындағы сенімді серіктестік нығайып, ортақ жобалар жемісін беретініне сенім білдірді.

Рамаз Сакварелидзе, саясаттанушы:

- Бұл үдеріс көптеген елдер, оның ішінде Грузия үшін маңызды. Себебі біздің ел Қазақстанмен достық қарым-қатынаста. Қаншама бірлескен жобалар жүзеге асып жатыр. Одан бөлек Қазақстан Азиядағы көшбасшы мемлекеттердің бірі саналады. Сол себепті сіздерді тұрақтылық болса, бұл бүткіл өңірде тұрақтылық болады деген сөз. Қазіргі елдегі саяси өзгерістер, халықтың игілігі мен деморатия үшін жасалып отыр. Біз оны толықтай қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы