383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-өзбек байланысы бекем

  • 96
  • UPD: 15:21, 12.06.2019

Қазақстан – Өзбекстанның ең жақын көршісі ғана емес, стратегиялық әріптесі.

Оған өзара ынтымақтастық дәлел. Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел билігіндегі алғашқы сапарын Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Ташкенттен бастауы сол ымыраны одан әрі нығайтты, деп хабарлайды «Хабар 24». «Бұл жаңа басшының бауырлас елге деген құрметінің жоғары екенін көрсетеді», – дейді  Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ильхомжан Нематов. Өзбекстанның өзге елдермен арадағы сыртқы тауар айналымы жыл басынан бері 30 пайыздан асқан. Сыртқы істер министрлігі осы аралықта 5 миллиард 250 миллион долларды құрайтын 244 инвестициялық құжат әзірлеген. Оның 163 жобасы биыл жүзеге аспақ. Ведомствоның өткен бес айдағы жұмысы бойынша журналистерге ақпарат берген дипломат екі ел арасындағы ынтымақтастық өзгелерге үлгі деп отыр.

Илхомжон Нематов, Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Біздің Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз өте тұрақты дамып келеді. Дипломатиялық тілмен айтатын болсақ, халықаралық сарапшылар Өзбекстанның Қазақстанмен тұрақты қарым-қатынасы бүкіл аймақтың орнықты дамуының өңірлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады деп атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы