382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


И.Кавабата: Жапония үшін Қазақстан стратегиялық серіктес болып қала береді

  • 69
  • UPD: 15:21, 12.06.2019

Жапонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Итиро Кавабатаның айтуынша, ресми Токио еліміздің жаңа президенті екіжақты қатынасты әрі қарай дамыта түсетіндігіне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтанда бірнеше жыл жұмыс істеген ол екі ел халқының мақсаты бір, мүддесі ортақ екенін тілге тиек етті. Дипломат: «кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижелері Қазақстан сыртқы саясаттағы бағытын бекемдей түсуге ниетті екендігін айғақтайды», – дейді.

Итиро Кавабата, Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі /2016-2018/:

- Ресми нәтижелердің жариялануын асыға күтеміз. Бүкіл халық сайлаған президент Қазақстанның тұрақтылығын, Елбасы саясатының жалғасуын, елінің дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ететініне сенімдімін. Бұл халықаралық қауымдастық үшін өте маңызды. Жапония үшін Қазақстан маңызы зор, стратегиялық серіктес ел болып қала береді.

Хабар 24 телеарнасы