389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент депутаты құттықтау жолдады

  • 247
  • UPD: 15:20, 12.06.2019

Қазақстанда өткен президенттік сайлаудағы электораттың белсенділігіне Еуропа ерекше мән берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Саяси сауаттылық танылған тұста бұл елдің бүгінгі даму барысының баромтері», – дейді Брюссельде арнамызға сұхбат берген Еуропалық парламент депутаты Андрей Мамыкин айтты. Саясаткер жаңа сайланған мемлекет басшысы Тұңғыш Президент бастаған экономикалық реформаларды жалғастыратынына сенімді. Еуродепутаттың пікірінше, Қазақстан сыртқы елдермен қарым-қатынас орнатуға бағытталған көпвекторлық сыртқы саясатын жалғастыра бермек.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Тоқаев мырза – Қазақстан Республикасының ресми президенті. Мен оны шын жүректен құттықтап, жұмысына сәттілік тілеймін. Себебі президентке артылатын жүк ауыр екені баршаға мәлім.

Хабар 24 телеарнасы