384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Гудман дауыс берушілердің жоғары белсенділігін атап өтті

  • 305
  • UPD: 15:20, 12.06.2019

Британ-қазақ қоғамының төрағасы Руперт Гудман Қазақстан халқын президенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Төраға дауыс берушілердің жоғары белсенділігін атап өтті. 77%-дан астам электораттық қатысуы үлкен жетістік. Қазір әлем саяси додаға бейжай қарай бастады. «Қазақстан халқы өзінің демократиялық құқықтарын пайдалануға аса жауапкершілікпен қарайтынын паш етті», – дейді Гудман.

Руперт Гудман, британ-қазақ қоғамының төрағасы:

- Біз Тоқаев мырзаны өте жақсы нәтижемен құттықтағымыз келеді. Оның 70% дауыс жинағанынан хабардармын. Ең бастысы, сабақтастық жалғасатын болады. Тұңғыш Президент Назарбаев ақылға салып, бейбіт түрде билікті берді. Мен көрген тәуелсіз бақылаушылардың есептеріне сүйенсек, сайлау барлық талаптарға сай өтіп, кез келген адам өз кандидаты үшін дауыс бере алған.

Хабар 24 телеарнасы