383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Давид Чикваидзе: Қазақстан талай биік белестерді бағындыратынына сенемін

  • 74
  • UPD: 20:25, 12.06.2019

Қазақстан тәуелсіздік алғанан бері аймақтық және ғаламдық деңгейде көптеген жетістікке жетіп, халықаралық аренадағы өзіндік беделін айшықтады.

Оған Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіңірген еңбегі көп. Бұл туралы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Давид Чикваидзе біздің арнаға берген сұхбатында айтты. Халықаралық ұйым шеңберінде 35 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан саясаткер өз карерьерасында қанша президент, сондай-ақ үкімет басшыларымен жұмыс істесе де, Тоқаевтай дипломаттың орны бөлек екенін атап өтті. Тоқаевты президент лауазымына сайлануымен құттықтаған Чикваидзе оның жетекшілігімен Қазақстан әлі де талай биік белестерді бағындыратынына сенімді екеніндігін  айтты.

Давид Чикваидзе, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры:

– Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ешқашан дауыс көтеріп сөйлегенін естіген емеспін. Ол – шынымен де бірегей тұлға. Және өз басым осындай феноменмен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын. Біз ол кісіден өте көп нәрсені үйрендік.

Хабар 24 телеарнасы