384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалуына келісім берді

  • 161
  • UPD: 19:07, 12.06.2019
Сенат Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалуына келісім берді

Дариға Назарбаеваның басшылығымен өткен Парламент Сенатының отырысында депутаттар бірауыздан Кәрім Мәсімовті еліміздің  ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындауға келісімін берді.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Кәрім Мәсімов қандай қызметте болсын өзін нағыз маман, білікті мемлекеттік қайраткер ретінде көрсете білді деп атап өтті. 

Хабар 24 телеарнасы