382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

  • 192
  • UPD: 12:22, 13.06.2019
Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. 2003 және 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2009 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, «саясаттану ғылымдары» бағыты бойынша РhD (саясаттану докторы) ғылыми дәрежесін иемденді.

Еңбек жолын 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік  ниверситетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы ретінде бастаған.

2004-2005 жылдар аралығында «Ансар» жастар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Медиа СП» ЖШС директоры болған.

2005-2012 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті болып қызмет атқарған.

Қарағанды қалалық мәслихаты III және IV шақырылымының депутаты болды.

2012 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметте. Жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2014-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды.

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы