389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Матвиенко: Қ.Тоқаев Тұңғыш Президенттің сыртқы саясатын жалғастырады

  • 227
  • UPD: 14:23, 13.06.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің сыртқы саясатын жалғастырады.

Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың айтуынша, бұл Қазақстанның стратегиялық серіктестері үшін маңызды. Ол байқаушылар еліміздегі президенттік сайлау демократиялық ережелерге сай өткеніне ерекше тоқталды.

Валентина Матвиенко, РФ Федерация кеңесінің төрағасы:

-  Федерация Кеңесінен сенаторлардың бір тобы Қазақстан президентінің сайлауын бақылаған. Олар сайлау жақсы ұйымдастырылып, дауыс беру ашық демократиялық жолмен өткенін атаған. Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, Тоқаев мырза үлкен басымдықпен жеңді. Ол сайлаудан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілеген ішкі және сыртқы саясаттын жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл барлығы үшін  маңызды деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы