389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения еліміздегі денсаулық сақтау және білім беру саласына қызығып отыр

  • 215
  • UPD: 14:24, 13.06.2019

«Армения-Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобян елімізде өткен президенттік сайлауға өз пікірін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың  басқаруымен Қазақстан тұрақты дамып, гүлдене береді дейді ол. Депутаттың айтуынша, жақын арада Қазақстан Арменияның Еуразиялық экономикалық одақтағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналуы үшін барлық жағдайды жасайтын болады дейді. Бұл ретте екі елдің парламентарийлері бірлескен жұмысының жан-жақты жоспарын дайындап қойған. Мамыр айының аяғында Нұр-Сұлтанға барып келген Армения Ұлттық жиналысының депутаттары күзде қазақстандық әріптестерінің Арменияға  келуін күтеді.

Вагаршак Акобян, Армения ұлттық жиналысының депутаты:

- Қазақ халқының таңдауына көзқарасымыз оң. Қазақстанның қазіргі басшылығымен бірлесіп жүйелі жұмыс істеуге дайынбыз. Парламентаралық деңгейде өте жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын айтқым келеді. Барлық өзекті салада өзара әрекеттесіп жатырмыз. Бұл өте маңызды. Бірлескен жұмысымыздың нақты жоспары бар. Қазақстандық әріптестерімізді Армениядағы Ай-Ти сала қызықтырып отыр, ал бізге денсаулық сақтау мен білім саласы қызық. Серіктестерімізбен бірге аймақтық құрылымдарда жұмыс істегіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы