379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда президент сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды – У.Ункауф

  • 72
  • UPD: 14:24, 13.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлау шетел тілшілерінің үлкен қызуғышылығын туғызды.

Неміс корреспонденті Урс Ункауф өзі Нұр-Сұлтанға барып, шетел байқаушыларының пікірін жазып алуды ұйғарған. Қазақстаннан алған әсері жайлы Урс Ункауф арнамыздың  Германиядағы тілшімізбен бөлісті. 

Урс Ункауф, тілші:

- Әлемнің түкпір-түкпірінен келген тілшілерді кездестірдім. Тәуелсіз және халықаралық ұйымдардың атынан келген байқаушы көп болды. Бұл Қазақстандағы президенттік сайлауға деген  үлкен қызуғышылықты көрсетіп отыр. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтқым келеді. Өзім Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берген учаскеде болдым. Қазір «Oст Эксперт» журналы үшін мақала жазып жатырмын. Президент Тоқаев Германияға сапармен келетініне және экономикада, білім беру мен мәдени салаларда қарым-қатынастарымыз әрі де қарқынды дамитынына сенімім жоғары.

Хабар 24 телеарнасы