389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан-2050» демократиялық күштер коалициясының мүшелері сайлауға қатысты пікір айтты

  • 268
  • UPD: 16:19, 13.06.2019

Кезектен тыс Президенттік сайлау еліміздің заңдарына сәйкес, барлық талаптарға сай өтті.

Енді халық таңдаған Президент сайлауалды бағдарламасын іске асырып, әлеуметтік салаға баса назар аударуы тиіс. Сайлау нәтижелерін қорытындылаған «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің ұлттық коалициясының мүшелері осылай дейді. Елдегі жетекші саяси партиялардың, Ассамблея мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси алаңын толық қолдайтындарын айтты. Сондай-ақ, Президенттің қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құру туралы бастамасы көңілдерінен шыққанын жеткізді. Одан бөлек, коалиция мүшелері сайлау кезінде туындаған кейбір наразылықтардың негізгі себептері анықталып, мәселенің оң шешілуін қалайды.

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазақстанда жоғарғы биліктің ауысуы еліміздің барлық заңына сәйкес жүргізілді. Бқл Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор деп қабылдаймыз. Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау рәсімінде билік пен қоғам алдында тұрған ең негізгі мақсаттарға тоқтады. Олардың жүзеге асуы , халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикалық және саяси жүйенің дамуына тың серпін берері сөзсіз.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы тікелей айтты, ең бірінші міндет-әлеуметтік жағдайды, халықтың әлеуметтік жағдайын, табысын көтеру мәселесін. Сол себептен, біз осындай ұсыныстарды толық қолдап отырмыз. Екінші мәселе-қоғамдық сенім туралы ұлттық кеңес құру туралы. Бұл да үлкен жаңалық. Себебі, қазіргі таңда сайлау көрсетті, халықтың өзінің пікірі, өзінің ойы бар.  Сондықтан, осы ойларды бір жерге жинақтап, соның ішіндегі өзекті мәселелерді жинақтап, соны шешу жолдарын табу.

Хабар 24 телеарнасы