389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

  • 533
  • UPD: 16:45, 13.06.2019
Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.

«Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. Ол Алтай Көлгіновтің орнына келді. Бұрынғы өңір басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне кірісті.

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. «Экономика» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан аграрлық университетін тәмамдаған;

2012-2014 жылдары - Жамбыл облысы;

2014-2016 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2019 жылдың қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Астана әкімінен бөлек, бүгін Қазақстанның білім министрі де ауысты. Биыл ақпанда тағайындалған Күләш Шәмшидинова қызметінен босап, орнына Асхат Аймағамбетов келді.

Хабар 24 телеарнасы