384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия саясаттанушылары Қ.Тоқаевты ҚР президенті болып сайлануымен құттықтады

  • 270
  • UPD: 16:20, 13.06.2019

Грузияның  саясаттанушылары Қазақстанның жаңа көшбасшысына құттықтауларын жаудырды.

Және  Қазақстанның Орталық Азиямен Каспий-Қара теңіз өңірінде маңызды рөл  атқаратынын ерекше атап  өтті. Олардың айтуынша, Қазақстан тұрақтылықты жоғары деңгейде сақтап қала алатын бірегей ел. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті басқарған уақытында мықты, экономикалық тұрғыдан дамыған, өзге елдер санасатын ел құра білген басшы.

Мамука Арешидзе, саясаттанушы:

- Мен грузин халқының атынан Тоқаев мырзаны Қазақстан Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтаймын. Мемлекетті экономикалық және саяси тұрғыда үздіктердің қатарына қосу үшін тұрақтылық маңызды. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде осы жағдайды сақтап қалатын және оған толық мүмкіндігі бар маңызды тұлға.

Хабар 24 телеарнасы