389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Кнабе: Қ.Тоқаев – өте тәжірибелі саясаткер

  • 200
  • UPD: 23:40, 13.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлаудың қорытындылары Германияда да талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық Азия елдері бойынша сарапшы Гюнтер Кнабе үміткерлер мен олардың бағдарламаларын жіті талдаған. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев – ел тізгінін қолға алуға лайық бірден-бір тұлға. Енді жаңа президент әлеуметтің әлеуетін арттыру жолында жүйелі жұмыс істеуге барын салатын болады.

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:

- Тоқаев – өте тәжірибелі саясаткер. Ол сыртқы істер министрі, премьер-министр және Сенат төрағасы қызметтерін атқарған. Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы жоғары лауазымдарды атқару барысында алдына қойылған міндеттерді мінсіз орындады. Сондай-ақ Тоқаев мырза Нұрсұлтан Назарбаевпен иық тіресе жұмыс істеп, одан талай дүние үйренді. Екіжақты қатынастарымызға келетін болсақ, Қазақстан – Германия үшін өте маңызды ел. Сол себептен біз үшін сіздердің елдеріңіздегі президенттік сайлау қашан да маңызды.

Хабар 24 телеарнасы