378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Саакян: Қазақстан президентінің әлеуметтік мәселелерге басымдық беріп отырғаны өте орынды

  • 93
  • UPD: 23:40, 13.06.2019

Армения саясаттанушылары Қазақстан президентінің ұлықтау сөзін талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын Қазақстанда елші болған Ара Саакян Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік мәселелерге басымдық беріп отырғаны өте орынды деп атап өтті.

Ара Саакян, Арменияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі:

- Қазақстан халқын шын жүректен президент сайлауымен құттықтаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке өз басым  таныс. Ұлықтау рәсімін көрдім, ең бастысы, экономикалық даму барысында құр көрсеткіштер емес, ең бастысы, әрбір отбасы, әр азаматымыз осы экономикалық дамуды сезуі тиіс деп айтқаны өте дұрыс. Бауырлас қазақ халқына тек  толайым табыс тілегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы