389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ның келесі саммиті Ресейде өтеді

  • 311
ШЫҰ-ның келесі саммиті Ресейде өтеді kabar.kg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 19-саммитіне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары деңгейдегі жиынға бірлестікке мүше елдердің президенттері жиылды. Сондай-ақ бақылаушы 4 мемлекеттің басшысы да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Кейін саммиттің мәртебелі меймандарымен ортақ суретке түсті. Жиын қорытындысында қауіпсіздікті күшейту, ақпарат, денсаулық сақтау, спорт, халықаралық байланыс және сауда-саттық саласын дамыту мәселелері талқыланып, 20-ға жуық құжатқа қол қойылуы тиіс. Бұл бағыттағы бастамалар Бішкек декларациясында көрініс табады. Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына биыл Қырғыз елі төрағалық етуде. Ал келер жылы бұл міндет Ресейге жүктеледі.

Хабар 24 телеарнасы