382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда өткен президент сайлауының тарихи маңызы зор – Сон Ен Хун

  • 109
  • UPD: 18:44, 14.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлаудың саяси және тарихи маңызы зор.

Бұл «Хангук» шет тілдер университеті профессоры Сон Ён Хунның пікірі. Оның айтуынша, Қазақстан билігі демократиялық және бейбіт жолмен ауысқан Орталық Азиядағы тұңғыш ел. Осылайша аймақтағы өзге елдерге саяси үлгі көрсетіп отыр дейді ол. Сон Ен Хун Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Оңтүстік Кореямен стратегиялық серіктестігін жалғастыратынына сенімді.

Сон Ен Хун, «Хангук» университетінің Орталық Азия тілдер кафедрасының меңгерушісі:

- Сайлауында Тоқаев мырзаның жеңісі жалпы оның кәсіби тәжірибесіне көбірек негізделген деп ойлаймын. Көп жылдардан бері оның дипломатиялық және мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол, мықты саясаткер деп білемін. Және біздің Президент өткен сәуір айында мемлекеттік сапарымен Астанаға барғанда Тоқаев мырзамен кездесіп екі ел арасындағы ынтымақтастықты жалғасу жөнінде кеңінен сөйлесті. Сондықтан Тоқаев мырзаның билікке келуі Корея мен Қазақстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықпен барлық салалардағы қарым-қатынастары соның ішінде әсересе іскерлік байланыстардың одан әрі арта түсүіне үлкен мүмкіндік бере алады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы