388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Дорнфельдт: Қ.Тоқаев Қазақстанның дамуы үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімдімін

  • 314
  • UPD: 23:42, 16.06.2019
М.Дорнфельдт: Қ.Тоқаев Қазақстанның дамуы үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімдімін

Алмания жұрты да Қасым-Жомарт Тоқаевты президент болып сайлануымен құттықтап, қолға алған бастамаларының сәтті орындалуына тілек білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаттанушы Маттиас Дорнфельдтің пікірінше, сайлау нәтижелері Қазақстан халқы үшін ең бастысы тұрақтылықтың маңызды екенін көрсетті.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

- Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетті. Бұл Қазақстан халқының Тұңғыш Президент салған жолдың жалғасқанын қалайтындығын көрсетеді. Сарапшы ретінде жаңа мемлекет басшысы елдегі реформаларды одан әрі дамытады деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев – түрлі жоғары лауазымды қызметтер атқарған, өте тәжірибелі саясаткер. Сондықтан ол Қазақстанның дамуы үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы