383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Уәли ҚР Президентінің әлеуметтік желідегі аккаунттары туралы мәлімдеме жасады

  • 160
  • UPD: 22:23, 17.06.2019

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде Мемлекет басшысының атынан ашылған аккаунттарға қатысты мәлімдеме жасады.

Берік Уәли Инстаграмдағы @elbasy-tokayev деген парақша Қасым-Жомарт Кемелұлына ешқандай қатысы жоғын және оның фейк екенін ресми мәлімдеді. Сондықтан бұл және басқа да аккаунттарда жарияланған ақпараттар ресми болып саналмайды.

Айта кету керек, Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының әлеуметтік желілерде тек екі ресми аккаунты барын бұған дейін де хабарлаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылы Twitter-ге, 2019 жылдың сәуір айынан бастап Instagram-ға тіркелген. Берік Уәли бүгін Фейсбукке «Осы екі ресми парақшадан басқаларының бәрі жалған аккаунттар» деп жазды.

Қазіргі уақытта Президенттің ресми парақшаларын ашқан әлеуметтік желілер Twitter мен Instagram әкімшілерінен ресми белгі, яғни верификация алу үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы