383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды

  • 204
  • UPD: 20:17, 18.06.2019
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқар Жұмағалиев қайта құрылған Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін ол цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне басшылық еткен болатын. Ал жаңа министрлік картография және инновация саясаты саласындағы функцияларды жүзеге асыратын болады.
Хабар 24 телеарнасы