383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» клубының отырысында еліміздегі саяси мәселелер талқыланды

  • 198
  • UPD: 22:46, 19.06.2019
«Болашақ» клубының отырысында еліміздегі саяси мәселелер талқыланды

Президент сайлауы кезінде өрескел заң бұзушылық байқалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен тұрғындардың ереуілге шығуына не түрткі болды? Билік қоғамдағы наразылықтарға қалай қарайды және президенттің алғашқы жүз қадамы қандай болады? Бүгін «Болашақ» клубының отырысына қатысқандар осы сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Олардың айтуынша, осы науқанда қазақстандықтар саяси сауатының жоғары екенін көрсетті. Соның арқасында арандатушылыққа алданған жоқ. Яғни бұзақылыққа жол бермеді. Енді билік тұрғындардың пікірімен санасып, қордаланған кейбір мәселелерді шешуде олардың базынасына құлақ асуы қажет. Шет ел асып білім жетілдіргендер мен қоғам белсенділерінің айтуынша, мұндай жиындар қарапайым азаматтардың пікірін заңды ұсынысқа айналдырады. Сөйтіп билікке тікелей жетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан клуб отырысына кез келген адам келіп, еліміздегі мәселені шешудің жолын ұсына алады. 

Бақтияр Мәкен, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Еркін түрдегі алаң. Бұл жерде әр азаматтың өмірдегі жұмысынан басқа қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін қандай мәселелер талқылау керек, саяси науқаннан кейін қандай қорытындылар бар, елдегі шешілетін мәселелерді қалай шешу керек, болашақтан не күтеміз – осылар талқыланды. Заң шеңберіне болсын, Парламент қабырғасында қарастыру, немесе үкіметке беретін ұсыныстар болса үкіметке беру керек.

Хабар 24 телеарнасы