389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Қазақстан заңгерлері азиялық әріптестерімен тәжірибе алмасуда

  • 268
Сеулде Қазақстан заңгерлері азиялық әріптестерімен тәжірибе алмасуда

Сеулде Азия елдері конституциялық соттар қауымдастығының симпозиумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жұмысына 12 мемлекеттің өкілдері қатысып отыр. Осы шара аясында Қазақстан заңгерлері азиялық әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісуде. Симпозиумда Қазақстан Конституциялық Кеңесі төрағасының кеңесшісі Қабылсаят Әбішев баяндама жасаған. Ол Ата заңның ел өміріндегі орны туралы айтып беріп, анкетада қойылған 101 сұраққа жауап берді. Бұл қауымдастық мүшелеріне Қазақстандағы конституциялық бақылау ісі қалай жүріп жатқанын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Симпозиумға қатысушылар Корея конституциясының рөлі мен соңғы 30 жылда онда қандай өзгерістер болғанынымен танысып өтті. Шара ұйымдастырушылардың айтуынша, Сеул кездесуі Азияда заң үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізудің негізін қалайды. Қазақстан осы ұйымға 2014 жылы кірген болатын.

Қабылсаят Әбішев, ҚР Конституциялық кеңесі төрағасының кеңесшісі:

– Корея сексен сегізінші жылы конституциялық сотын құрып, демократиялық жолға ерте түскен. Және сол демократиялық жолмен саяси институттардың, азаматтық қоғамның дамуы арқасында бүгін алдыңғы қатарлы, ең дамыған мемлекетке айналып отыр.

Хабар 24 телеарнасы