384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламентте Конституциялық Кеңес жолдауы жария етілді

  • 239
  • UPD: 15:35, 20.06.2019

Конституциялық Кеңес жыл сайынғы жолдауын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Кеңес төрағасы Қайрат Мәми Парламент палаталарының бірлескен отырысында конституциялық заңдылықтың жағдайы көрсетілген құжатты таныстырды. Онда бақылау органының бір жылдық жұмысы көрсетілген. Бұл орайда Кеңес заңнамалардағы кемшіліктерді жойып, оң өзгерістер енгізді. Мәселен, мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру кезінде оның құнын өтеу бұрынғыдай кадастрлық емес, нарықтық бағасы бойынша іске асатын болды. Сондай-ақ ана мен бала құқықтарын қорғауды кепілдендіру күшейді.

Әлібек Темірбеков, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

– Жолдау – Конституциялық Кеңестің бір жылдық жұмысы. Конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы. Ата Заңға қандай өзгерістер енгізілгені көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы