389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Б.Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

  • 313
  • UPD: 15:53, 20.06.2019
Мемлекет басшысы Израиль премьер-министрі Б.Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі.

Екі елдің басшылары екі жақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-Министрінің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапарының табысты болғанына тоқталып, жоғарғы деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.

Хабар 24 телеарнасы