383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиялық сарапшылар: Н.Назарбаев елінің дамуы үшін аянбай еңбек етті

  • 215
  • UPD: 15:54, 21.06.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы елін басқарумен қатар түбі бір түркі жұртын бір арнаға біріктірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туыстас мемлекеттер арасында құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы мен Түркі академиясы оның еңбегі. Осы себепті, тамырлас елдердің көшбасшылары Елбасыны «Ақсақал» деп атайды. Оның әрбір бастамасы әрқашан жалғасын тауып, үлкен жетістіктерге жеткізді. Түркияның бұрынғы мәдениет министрі, белгілі қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбек осылай дейді. Ұзақ жылдар Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өкілетті кеңесінің төрағасы ретінде екі елдің білім және ғылым саласына сүбелі үлесін қосқан тәжірибелі саясаткер Алматыда өтетін «30 жылдық көшбасшылық» атты халықаралық ғылыми- зерттеу конференциясы алдында арнамызға осылай деп сұхбат берді. Оның айтуынша, Елбасының әрбір бастамасы әлемге үлгі болды.

Намык Кемал Зейбек, Түркияның бұрынғы мәдениет министрі:

– Құрметті досым, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы елінің дамуы мен халқының жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етті. Қазақстан тәуелсіздік алған тұстан бері ол барлығын жаңадан бастауға мәжбүр болды. Әрбір бастамасына халық пен үкімет қолдау көрсетті. Бұл оның саяси көрегенділігінің дәлелі. Мен оны әрқашан Мұстафа Кемал Ататүрікке ұқсатып, Білге Қағанға балаймын. Қазақстанның бүгінгі тұрақтылығы Елбасымен тікелей байланысты.

Хабар 24 телеарнасы