384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


О.Ибраимов: Қазақстан ең алдымен тұрақтылықты таңдады

  • 182
  • UPD: 15:55, 21.06.2019

Кемеңгер көшбасшы, прагматик және мемлекеттік тұрғыдан ойлау қабілетіне ие тұлға.

Бұл – «30 жылдық көшбасшылық» халықаралық ғылыми конференциясының қатысушысы, профессор Осмонакун Ибраимовтың Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24». 90-жылдардың орта тұсында Осмонакун Ибраимов алдымен Қырғызстан президентінің баспасөз қызметін басқарады. Ал 2001-2005 жылдар аралығында мемлекеттік хатшы қызметінде болған. Және сол тұста қазақ көшбасшысымен жиі кездесіп тұрған. Осмонакун Ибраимовтың айтуынша, сол жылдары байланысудың жоғары технологиялық құралдары болған жоқ. Сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін мемлекет басшыларымен тікелей тілдесу барысында шешуге тура келген. Нұрсұлтан Назарбаев сол кездесулердің әрбірінде бастысы, ілгерілемелі даму екенін алға тартып отырған. Және оны Ибраимовтың сөзінше, мемлекеттің дамуынан бастап халықаралық қарым-қатынас орнатудағы жетістіктерден байқауға болады.

Осмонакун Ибраимов, «30 жылдық көшбасшылық» конференциясының спикері, Қырғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы:

– Қазақстан ең алдымен тұрақтылықты таңдады. Біз Қырғызстанда оның не екенін жақсы түсінеміз. Ол – жаңа ел құру мен алға қойған мақсаттарға жетудің ең басты кепілі. Сондықтан осы 30 жыл Қазақстан үшін тұрақтылықтың өзіндік үлгісін дамыту жылдары болды. Ең бастысы, мемлекет құру кезеңі болды.

Хабар 24 телеарнасы