389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов Nur Otan партиясының қалалық филиалының жаңа төрағасы болып тағайындалды

  • 367
  • UPD: 18:37, 21.06.2019

Бұл туралы партияның кезектен тыс конференциясында белгілі болды.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елордалық бөлімшенің жаңа басшысын құттықтап, куәлік табыстады. Сондай-ақ жиынға қатысушылар мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде айқындап берген ел дамуының басым бағыттарын іске асыруды талқылады. Партиялықтар сайлауалды науқан кезінде атқарылған жұмыстарды да сөз етті. Мысалы, «Бірге» акциясы аясында халықтан 540 мың өтініш пен ұсыныс келіп түскен. Оның 28 мыңын елордалықтар жазған. Осы ретте Мәулен Әшімбаев барлық өтініштер партия назарында болатынын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

– Сайлау нәтижесі арқылы Қазақстан халқының басым көпшілігі Елбасының саясатының жалғасуын қалайтындарын және Елбасымыздың барлық стратегиялық бағдарламаларын әрі қарай тиімді жүзеге асырылу керектігін көрсетіп отыр, соны танытып отыр. Бәріміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында Елбасымыздың саясатын жалғастырып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру үшін бәріміз жұмылып жұмыс істеуміз керек.

Хабар 24 телеарнасы