389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ халқы бірліктің арқасында елін сақтап қалған

  • 452
  • UPD: 20:22, 21.06.2019

«Халық пен Президент қашанда бірге болуы тиіс. Сонда ғана жетістікке жетеміз».

Бүгін Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деді. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолында кездескен қиындықтарға ерекше тоқталды.

Рауан Мыңбаев, тілші:

– Қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері, қоғам белсенділері – тәуелсіздік жылдары Елбасымен бірге тынымсыз еңбек етіп, ел еңсесін тіктеуге атсалысқандар. Бұл күні Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында сол 90 жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Тәуелсіз елдің өткені мен бүгіні толық таразыланды. Ең алдымен бұған әкімдік ғимаратының өзі түрткі болды. Себебі Алматыны тәуелсіздігіміздің алтын қазығы десек, сол еңселі егемендіктің орнауы осы нысаннан бастау алды.

Кез келген елдің бірегей тарихы болады және сол жолда көшбасшылық қасиетімен танылып, мемлекетін дамудың даңғыл жолына салатын тұлға кездеседі. Осы тарихи міндетті абыройлы атқарып, халық сеніміне ие болғандардың бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. «Естен кетпес 1989 жыл». Тұңғыш Президент конференция аясында сол сындарлы кезеңді бейнелейтін көрмені аралады. Мұнда өткен 30 жылда еңсерілген қиындықтар мен тарихи табыстар көрініс тапқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Естен кетпес 1989 жыл уақыт өткен сайын алыстап барады. Біз тәуелсіз елдің іргесін қаладық. Жастарды көріп отырмын. 30 жыл бойы жастар үшін қызмет еттік. Мен жастарды көргеніме өте қуаныштымын.

Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 30 жыл бұрын 22 маусымда Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Бұл сол кезеңде еліміз үшін көптен күткен оқиға болды.

Халық Нұрсұлтан Назарбаевқа бірауыздан қолдау білдірді. Ал Тұңғыш Президент елдің қалауын орындай білді. Сөз жүзінде айту оңай, алайда іске келгенде бәрі қиын болғаны белгілі. Еліміз бойынша 130 кәсіпорын тоқтап, 2 млн адам жұмыссыз қалған кезеңде көршілес мемлекеттердің бағаны еркін айналымға жіберуі жағдайды тіпті қиындатып жіберді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы

– Многие присуствующие здесь думаю хорошо помнят, зарплату выдавали по товаром. Во многих городах кипитили горячую воду. Второе – риск межотношение. Проживали 100 этносов. И мы хорошо помним. В разных частах были конфликты.

Елдің ішінде де қарама-қайшылықтар көп еді. Елбасын ең қынжылтқан мәселе – демографияның нашарлауы болды. Қазақстанда тұратын қазақ ұлтының өкілдері 40 процентке жетпейтін. Мектептердің басым бөлігі орыс тілінде білім берді. Өмір сүру ұзақтығы тым төмендеп кетті. Ұлтаралық араздық та сол жылдары өршіп тұрды. «Бүгінгі ұрпақ бұл қиыншылықтарды білуі керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Семей ядролық полигонының жабылып, Арал теңізі мәселесіне баса көңіл бөлінуі ұмытылмауы қажет. Себебі екеуінің де қазақ халқына тигізген зияны көп болды. Бірі ұрпағымызды химиялық қарудың құрбаны етсе, енді бірі атадан мирас болған кәсіптен мәңгілік қол үзуге итермеледі. Дегенмен соңғысы қайта қалпына келе бастады. Бұл іс – Тұңғыш Президенттің Арал халқына жасаған ең басты жақсылығы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Вспомните сколько было критики внутри страны. В Караганде завод имел долг 390 млн долларов. Но именно эти реформы привели инвестиций. В результате наша страна стало лидером в СНГ.

Өткеніміз бен бүгінімізді екшейтін тағы бір дерек. Тәуелсіздік алған жылы еліміздің ішкі жалпы өнімі 11 млрд АҚШ доллары болса, қазіргі көрсеткіш 170 млрд-тан асып отыр. Мемлекеттің алтын-валюталық қоры да 90 млрд долларға жетті. Ал шетелден тартылған тікелей инвестиция одан 3 есе көп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– У нас стало производиться 500 товаров. В рейтинге 28 место занимает. Конкурентспособность выше. Растет малый-средний бизнес. И сегодня он составляет 30 процентов. Наше цель теперь 50.

Қазір елде кедейшілік 4 процентке төмендеді. Бастапқыда 40 процент болатын. Мұның өзі тәуелсіз мемлекет беделін айшықтай түседі. Бірақ мұндай деңгейге халықтың бірлігінсіз жету мүмкін емес болатын, деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Қазақстан халқының саны 18 млн-ға көбейді. Біз демографиялық мәселені шештік. Осы жылдары 3,5 млн-ға көбейді. Қазақтар 70 процент болды. Орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылы 67 жас болса, 2018 жылы 73 жасқа өсті. Бір адамға арналған тұрғын үй 22 шаршы метрге жетті.

Қазақ тілінің мәртебесі асқақтап, басты құндылығымыз қайта қалпына келгеннен кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да қолға алынды. Оның астары – қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту. Яғни жас ұрпақты заманауи ойлау қабілетіне бейімдеу деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да сол жастардың өткен тарихына қайта көз салып, бабалар жүрген соқпақты жаңғыртуға баса көңіл бөлінді.

Ұлы дала жерінің ерте заманнан сауда жолы болғаны белгілі. Сол арқылы халқымыз батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғады. Кейін сол дәстүр үзіліп қалды. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы осы тарихи әділеттілікті қайта орнатты. Ал елорда барша қазақстандықтың бойтұмарына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

– Впервые в своей многовековой истории казахи построили, о чем мы не могли мечтать 30 лет назад.

Елбасы бастап, халық қоштап жеткен жетістіктердің тағы бірі – әлемде тоғызыншы орын алатын ұлы дала шекарасының шегенделуі. Көршілес жатқан мемлекеттермен осы мәселе шешімін тапты. Елбасы Азиядағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, Шанхай ынтымақтастық ұйымы сынды бірлестіктердің құрылуына ықпал етіп, кейін оларды экономикалық интеграцияға айналдыра білді. Еуразиялық экономикалық одақ та – солардың жалғасы. Алда еліміз бағындыруы тиіс бұдан да биік белестер бар. Бұл – техникалық жаңғыру, жасанды зияткерлікті күнделікті өмірде қолдану, жаңа энергия көздерін іздеуде көш соңында қалмау, деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Қазақ халқы бірліктің арқасында елін сақтап қалғаны мәлім. Қазақты бодан ету үшін жүз-жүзге бөліп, айлакерлікпен жаулап алған. Қазір біздің байлығымызға қызығатындар көп. Ондайда жетекке еретіндерді іздейді. Ең қауіп осы. Жастар Отанынан айырылып қалатынын түсінбейді. Біз соны түсіндіруіміз керек. Тұтастықтықты сақтап қалу үшін барлық шараға бару керек. Қандай шара қолданса да, барлық шараға бару керек.

Төңкерістің соңы қантөгіс екенін тарихтың өзі дәлелдеп берді. Тұңғыш Президенттің айтпағы осы. Бұған расымен де мысалдар көп. Жер жаһанның әр қиыры аумалы-төкпелі кезеңді бастан кешіріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазіргі заманның қарқыны мүлдем өзгеше. Сондықтан дәл осы тарихи межеде елбасы айқындап берген межеге адал болып, Қазақстанның өркендеуі үшін еңбек ету басты мақсат деп түсіну қажет. Бүгін осы маңызды жиында Елбасымен жылдар бойы қызмет еткен үзеңгілестері отыр. Елбасының еңбек жолы – тәуелсіз елдің жылнамасы. Сол кездегі Қазақстанның жарқын келешегіне күмәнмен қарағандар көп болды. Дегенмен теріс болжамдар орындалған жоқ.

Елбасы бастамасымен жеткен жетістіктерге шетелдік мемлекет қайраткерлері де тоқталды.

Давэй Пан, ҚХР Шанхай ғылым академиясы Ресей және Орталық Азия бойынша зерттеулер орталығының директоры:

– Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдық қызметінде нағыз көшбасшы екенін дәлелдеді. Жақында өткен Президент сайлауы оның сарабдал саясаткерлігін айғақтады. Билік тізгіні бейбіт жолмен ауысты. Яғни Нұрсұлтан Назарбаев өз халқын табысқа жетелей білді. Оның саясаткерлігіне халықаралық қауымдастықта да жоғары баға берілді.

Михаил Липкин, Ресей ғылым академиясы жалпы тарих институтының директоры:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңес кезінен қалған тәжірибесі мен өзекті мәселелерді шешу кезіндегі тапқырлығын ерекше дер едім. Владимир Путин айтқандай, ол үнемі жарқын болашаққа ұмытылып тұрады. Және үнемі жанына жас мамандарды ертіп жүреді. Мұның өзі – көшбасшылық қабілет.

Ариэль Коэн, саясаттанушы /АҚШ/

– Джордж Вашингтон, Кемал Ататүрк секілді қайраткерлер елінің болашағына өзінің өмірін арнады. Оңтүстік Африкада Нельсон Мандела, Изралиьде Давид Бен-Гурион халқын жетістікке жетеледі. Нұрсұлтан Назарбаевты олармен көп нәрсе байланыстырады. Ол – осы елдің негізін қалаушы. Қарапайым отбасыдан шыққан азамат еді. Қазір тұтас ұлттың көшбасшысына айналып отыр.

Конференцияға қатысушылар бұл пікірмен толықтай қосылады әрі Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне жан-жақты баға береді. Дегенмен түпкілікті ой мен қорытынды түйін біреу – ол осы ел бағындырған белестердің Елбасы есімімен тікелей байланыстылығы. Алайда Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолда халықтың қолдауы маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Демек халық пен билік арасында орнаған берік байланыс өз нәтижесін берді.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

Хабар 24 телеарнасы