384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаткер ретінде Н.Назарбаевтың мемлекетті дамытудағы көрегендігі ерекше – А.Коэн

  • 506
  • UPD: 17:33, 22.06.2019

Елбасының ел мүддесі үшін атқарған табанды қызметіне ширек ғасырдан асты. Бұл жәй ғана мерейтойлық дата емес.

Қазақстанның даму жолын анықтаған ел тарихындағы аса маңызды кезең. Қазіргі заманның қарқыны мүлдем өзгеше. Бәсекеге толы заманда өмір сүріп келеміз. Сондықтан Елбасы айқындап берген бағдарды ұстанып, Қазақстанның өркендеуі үшін еңбек ету қажет, -дейді «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылар.

Курсад Зорлу, саясаттанушы, ғалым /Түркия/:

- Рухани жаңғыру және Ұлы даланың 7 қыры мақалалары тек Қазақстан үшін ғана емес, Түркиядағы азаматтар үшін де манифест сияқты мақалалар. Біз Түркияда оны көп жақсы көреміз. Болашақта қазақ халқына көп жақсылық тілейміз.

Ариель Коэн, Атлантикалық кеңестің жетекші сарапшысы /АҚШ/:

- Алдыңғы буын саясаткері ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті дамытудағы көрегендігін ерекше айтар едім. Жерден алынатын отындардан бас тарту Қазақстан үшін де, Ресей мен Иран, тағы басқа да елдер үшін маңызды. Жаңа технологиялық әдістерді дамыту, жасанды интеллект - мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдына қойған бастамалары. Оның көшбасшылық қасиетін осыдан аңғаруға болады.

Асанәлі Әшімов, халық әртісі:

- Шеттен келген адамдар айтып, риза болып жатыр, халық риза болып жатыр, соның өзі үлкен дәреже, үлкен баға басшылыққа.

Хабар 24 телеарнасы