389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның жетекші саясаттанушылары Елбасының бастамаларына жоғары баға берді

  • 358
  • UPD: 15:38, 22.06.2019

Оңтүстік Кореяның жетекші саясаттанушылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік бастамаларына жоғары баға берді.

Таңғы шық елінде Ядролық қарумен күрес өзекті мәселе. Бұл ретте Қазақстанның тұңғыш Президенті жойқын қаруды жоюға зор үлес қосты дейді,- шетелдік сарапшылар.

Соңғы жылдары Қазақстан оңүстіккореялық саясаттанушылардың жіті назарында. Оған Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы қатынастың жақсарып, Пхеньян ядролық қарудан бас тартады деген үміттің артуы себеп. Ал бұл мәселені реттеуде Қазақстан әлемге үлгі көрсетті. Алпауыт мемлкеттер ел қауіпсіздігіне кепілдік беріп, Қазақстан жойқын қарудан бас тартты. Сеулде Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін құрғанын да жақсы біледі.

Ко Дже Нам, Корея Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының профессоры:

- Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаетың Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі орасан. Мемлекет халықаралық қауымдастықта маңызды орынға ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуі де жоғарпы бағаға лайық. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрып, түрлі салада ынтымақтастық орнатуы да үлкен жетістік.  Қазақстанның жойқын қарудан бас тарту тәжірибесі Солтүстік Кореяға үлгі болады деп ойлаймын.

Сарапшылар Елбасының халықаралық қақтығыстарды шешудегі ролін де ерекше атап өтті. Бұған Иран мен Сирия мәселесі айқын дәлел. Ал Солтүстік Кореяға қатысты Нұрсұлтан Назарбаев ядролық мәселені талқылау үшін алаң ұсынды.

Ом Гу Хо, Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары жемісін беруде. Бұл ретте ядролық отын қорын құру турлы бастамасын атап өтуге болады. Мен Қазақстанды Азиядағы қауіпсіз әрі бейбіт саясат ұстанушы мемлекет деп санаймын. Нұрсұлтан  Назарбаев лауазымынан өз еркімен бас тартқанмен ол Нұр-Отан партиясы және Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып қалды. Сондықтан елдің дамуына одан әрі де атсалыса беретінен сенімдімін.

Ал Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуы екіталай. Десе де  Сеул болса бұл бағытта жұмысты жалғастыруда. Оңтүстік корея тарапы  АҚШ пен Солтсүік Корея басшысының үшінші саммитін ұйымдастыруға күш салып жатыр.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы