384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британиялықтар Қ. Тоқаевтың әлеуметтік саясатты жаңарту бастамасын қолдайды

  • 275
  • UPD: 14:47, 23.06.2019

Британия жұртшылығы Қазқстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саясатты жаңарту бойынша бастамасын қолдайды.

Нэйл Ватсон – әлеуметтік тақырыптарға маманданған тәуелсіз журналист. Ол Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру жолында бірқатар шара жоспарлағанына қуанышты. Ватсонның пікірінше, халық табысын молайтудың мәнін түсіну әрдайым маңызды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аянбай еңбек етуі керек.

Нэйл Ватсон, журналист:

– Меніңше, посткеңестік елдерге тән мәселелер Қазақстанда да бар. Жоспарлы экономикадан дереу нарықтық экономикаға көшу өте қиын. Бірақ сіздердің Тұңғыш Президенттеріңіз билікте отырып, көп нәрсеге қол жеткізді. Бұл ретте мен жаңа басшыларыңыз да бірегей жетістіктерге қол жеткізеді деп ойлаймын. Сапалы медицина қызметі, жалпыға бірдей оқуды қолдау, әділ әлеуметтік саясат Біріккен Корольдіктегідей әрқашан басты назарда болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы