389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтардың өмір сапасы мемлекеттік аппараттың тиімділігіне байланысты - ҚР Президенті

  • 403
  • UPD: 15:54, 23.06.2019
Азаматтардың өмір сапасы мемлекеттік аппараттың тиімділігіне байланысты - ҚР Президенті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты.

Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста табыс тілеймін!» делінген ҚР Президентінің Twitter парақшасындағы құттықтауында.

Айта кетсек, 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізіп, күнтізбеде Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесі пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы