384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ядролық қарусыздану мәселесі айтылғанда Назарбаевтың есімі бірінші кезекте аталады – Саясаткер

  • 471
  • UPD: 21:59, 23.06.2019

Қазақстанның тәуелсіздік алып, тұрақты дамуы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Еуропалық парламент депутаттары мен беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері осылай дейді.

Еуропалық саясаткерлер мен БҰҰ өкілдері 30 жыл бұрын ел билігіне Нұрсұлтан Назарбаевтың келуі Қазақстанның бағы дейді. Себебі ол мемлекет басшысы ретінде елді тығырықтан алып шықты.

Давид Чикваидзе, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімі бас директоры хатшылығының жетекшісі:

- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үлкен жетістіктерге жетіп, аймақтағы ықпалды мемлекетке айналуы үшін көп еңбек етті. Ол өзге мемлекеттермен бірлесіп әлемдік саяси тәртіпке де зор үлесін қосты.

Андрей Мамыкин, евродепутат:

- Назарбаев 90-жылдары қиын экономикалық жағдайды жеңіп, мемлекеттің өрлеуіне қол жеткізді. Ол ел байрағын әлемдік сахнада биікке көтерді. Қазақ жұрты аз ғана уақыттың ішінде ықпалды ойыншыға айналып, Орталық Азия аймағында көш бастады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Қазақстанның тұрақтылығы нығайып халықаралық аренада ықпалы күшейді. Бұл Сирия дағдарысын шешуде Астана алаңын ұсынуға негіз болды. Келіссөз нәтижесінде Қазақстан әлемдік деңгейдегі мәмілегер елдердің қатарына қосылды.

Давид Чикваидзе, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімі бас директоры хатшылығының жетекшісі:

- Мен БҰҰ-ның Сирия мәселесі бойынша арнайы уәкілі басқармасындағы әрептестеріммен жиі араласамын. Олар осы Астана процесінің шешімдерін жоғары бағалайды. Жалпы Қазақстан, оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары өзге де өзекті мәселелерді талқылайтын маңызды алаңға айналғанына және келешекте осы бағытта дами беретініне сенімім мол.

Ашық және тәуелсіз Қазақстан - жақын және алыс шетелмен тату көршілік, достық қарым-қатынас орнатқан мемлекет. БҰҰ-ның өкілі осылай дейді.

Давид Чикваидзе, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімі бас директоры хатшылығының жетекшісі:

- Бұл мемлекет тізгінін дана, көреген адам ұстап, басқаруының арқасында қол жеткен жетістік. Назарбаев кадрлық саясатты да өте ұтымды жүзеге асырды. Мұны Қазақ елінің үлкен жеңісі деп айтуға болады.

Жоғары лауазымды дипломат Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуын алдын ала болжап, анықтай білген әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға дейді саясаткерлер. Олардың айтуынша, Қазақ көшбасшысы ядролық қарусыз әлем және бейбітшілік туралы сөз қозғалғанда әрқашан алда тұрады. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы