383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына барады

  • 223
  • UPD: 18:57, 24.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына барады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына өзі ұшып шығады.

Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да барады.

Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған болатын, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбук парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы