383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті

  • 306
  • UPD: 18:33, 25.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.

– Біздің Моңғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар, – деді мемлекет басшысы.

Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Хабар 24 телеарнасы