383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Жээнбеков Арыстағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

  • 195
  • UPD: 20:54, 25.06.2019
С.Жээнбеков Арыстағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты ИА "24.kg"

Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.   

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. 

Хабар 24 телеарнасы