384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

  • 162
  • UPD: 20:52, 26.06.2019

Елордадағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 25 процентке ұлғайды.

Бұл туралы бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған шаһар басшысы Алтай Көлгінов хабарлады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев бас қаламызды одан әрі дамыту үшін елорда әкіміне зор жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Себебі, бұл шаһардың даму деңгейіне қарап, жалпы мемлекетті бағалауға болады деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Кез келген елдің бас қаласы әр уақытта Елбасының, үкімет басшысының көз алдында болады. Оны басқаратын адам үлкен лауазымды қызмет болып саналады. Елордаға келетін қонақтардың бәрі елорданы көріп, бүкіл мемлекетті бағалайды. Сондықтан өте жауапты қызметке келдің. Тәжірибең бар, облыста істеп қайттың, жағдайды білесің. Бірінші рет кездесіп отырмын істейтін шаруаны анықтайық деп, тәжірибең де бар, білімің де бар, барлығы жетеді. Жұмыс істейтін кезің. 

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

- Сіздің қабылдаған стратегиялық бағдарламалар орындалуда. Сонымен бірге, Елорданы даму жөніндегі жиналыстардағы тапсырмалардың барлығы орындалып жатыр. Соның нәтижесінде негізінен әлеуметтік-экономикалық оң көрсеткіштер көрсетуде. Мысалы, сіз инвестиция тартуға орта шағын бизнесті дамытуға, инвесторлардың келуін, әлеуметтік мәселелерді көтеруге ерекше назар аударып келесіз. Мысалы, ШОБ ішкі жалпы өнімде 55,5 процентті көрсетіп отыр. 

- Барлық елде солай болса, қандай жақсы болар еді. 

- Өткен жылмен салыстырғанда 10 процент өсім бар. Ал тіркелген шағын бизнестің субъектілері 25 процентке өсіп отыр. Өндіріс та соның есебінен өсім көрсетуде. 

- Соның барлығы сенен бұрын істелген шаруалар. Енді болашақтағы барлық жақсылық та сенікі. Барлық кемшілік те сенікі болады. Үкімет те, президент те, мен де қолдаймын сені. Оңай шаруа емес. Елорданың халқы сұранысы көп болады. Талабы көп болады. Сондықтан барлығын орындайсың деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы