384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 150
  • UPD: 18:00, 26.06.2019
М.Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары,  қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Отырыс барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің және Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиевтің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыстардың жәй-күйі туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ Индустрия және  инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволық наградаларын бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы