383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы С.Трұмовқа Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді

  • 150
  • UPD: 22:26, 27.06.2019

Қазақстан Президенті Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады.

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы мен өңірге тікелей тартылатын инвестиция қарқынын төмендетпеу керегін атап өтті. Сондай-ақ, Президент халықтың тұрмысы төмен топтарын қолдау, тұрғын үй, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламаларының орындалуы мәселелеріне облыс басшылығы тұрақты әрі мұқият бақылауды ұстауы қажет екенін айтты. 

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы