383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президенті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровті қабылдады

  • 148
  • UPD: 22:27, 27.06.2019

Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, Ташкентте өткен Орталық Азия елдері омбудсмендері кездесуінің қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Асқар Шәкіровтің айтуынша, аталған іс-шараға қатысушылар Өңір омбудсмендері ынтымақтастығының жол картасын бекітіп, көші-қон үдерісі мен шекара аймағындағы өзара қарым-қатынастарға қатысты құқық қорғау мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың тұрмысы төмен топтарының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін айтты. Қазақстан Президенті олардың құқықтарының қорғалу мониторингін күшейтуді, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жәрдем беруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы