389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

  • 1577
  • UPD: 22:40, 28.06.2019

Қазақстан президентінің жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа аймақ басшысын облыс активіне Үкімет басшысы Асқар Мамин таныстырды. Қуаныш Ысқақов бұған дейін экономика, қаржы және әлеуметтік сала бойынша Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Премьер-министр Қуаныш Ысқақовтың түрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол екенін атап өтіп, жаңа қызметте табыс тіледі.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Жаңа ғана мәслихат депутаттары Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Қуанышбек Досмайылұлын сіздер жақсы білесіздер, Қызылорда облысының тумасы. Жұмыс тәжірибесі мол. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды. Көп жылдар бойы қаржы саласында еңбек етті.

 

Хабар 24 телеарнасы