389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ҚР Президентінің реформалары талқыланды

  • 282
  • UPD: 21:43, 01.07.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 10 маңызды бағыттың әрқайсы тұрғындардың талап-тілегіне негізделген.

Сайлауалды штабқа қазақстандықтардан 500 мыңнан астам өтініш түсіпті. Көбі әлеуметтік мәселелерді көтерген. Елордада «Диалог, реформа және тиімділік» деген тақырыппен өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары жан-жақты талқыланды.

«Біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде осылай деді. Яғни, өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу үшін ортамерзімді кешенді шаралар қабылданатынын айтты. Айтылды, істеліп жатыр. Мемлекет басшысының несиені кешіру туралы жарлығы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына кәдімгідей көмек болмақ. Жағдайды түбегейлі өзгертпегенмен, жеңілдететіні сөзсіз.

Әнуар Шотбай, сарапшы:

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша жоспар менімше орынды, уақытымен өтіп жатыр. Президент өзінің мәлімдемесінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың кредитін жабу нақты қолға алынды. Басқа да мәселелердің іске асып жатқанын көреміз.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ойларын айтты. Бәрі бір ауыздан қолдап отыр. Билік пен халық арасында ашық диалог болса, бағдарламалар да тиімді жүзеге асады. Яғни халықтың сөзін билік естиді. Ол үшін кеңес құрамында тәуелсіз, ойын ашық айта алатын, елдің мұң-мұқтажын білетін жандар болуы керек.

Марат Башимов, саясаттанушы:

- Кеңестің пайдасы қандай? Халық пен биліктің қарым-қатынастары азаматтық қоғам арқылы, осындай диалог арқылы, өйткені  бірін -бірі тыңдауы керек. Қазір сарапшылардың бәрі де айтып отыр. Қазір билік халықтың ойын тыңдап отыр. Кейде олда проблема болды ғой. Кеңесте тәуелсіз адамдар, партия мүшелері, блогерлер, қашан болып еді блогерлерді кіргізіп жатқан.

Президенттің түрлі санаттағы адамдардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударғаны айтылды. Біріңғай тұрғын үй саясатын жасақтау үшін Үкіметке нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Жаппай білім беруді қолдау және сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері де басты назарда. Ең бастысы-халықтың табысын арттыру шаралары ісе асатын болды.

Хабар 24 телеарнасы