384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Еуроодақ елшілерімен кездесті

  • 148
  • UPD: 23:13, 01.07.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин Еуропалық Одақ елдерінің елшілерімен кездесті.

Жиын барысында үкімет басшысы дипломатиялық миссия жетекшілерімен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар сауда-экономикалық саланың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылымын ұлғайту жайы қаралып, Еуропалық Одақ елдеріне саудаланатын қазақстандық тауардың үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Асқар Мамин Еуропалық Одақтың Қазақстанның аса ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Еліміздің сыртқы сауда айналымының 40 проценттен астамы Еуропалық Одаққа тиесілі. Былтыр екіжақты сауда айналымы 26 процентке өсті. Бүгінде біздің мемлекетте аталған Одаққа мүше елдердің 4 мыңнан астам компаниясы тіркелген. 2 мыңнан артық бірлескен кәсіпорын бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына барлығы 125,1 миллиард доллар инвестиция тартылған.

Хабар 24 телеарнасы