389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

  • 253
  • UPD: 23:18, 01.07.2019

БҰҰ «Жусан» операциясын жоғары бағалады.

Ұйымдағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі мен БҰҰ терроризмге қарсы Басқармасы арнайы басқосу өткізіп, осы мәселені талқылады. «Терроризмнен ада әлемге жету үшін дамушы елдер арасындағы синергия және 2030 жылға дейінгі Тұрақты дамудың күн тәртібі» тақырыбында өткен жиынға 50 мемлекет пен халықаралық ұйымның жүзден астам өкілі қатысқан. Олар ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде терроризмге қарсы күресті үйлестірудің тетіктерін қарастырды. БҰҰ «Жусан» операция нәтижесінде Сириядан еліне оралған қазақстандық әйелдерді осы басқосуға шақырған. Олар кездесуге қатыса алмағанымен арнайы бейнеүндеу жолдады. 25 жастағы Аида Сарина Сирияға қалай аттанғанын және ондағы қиын өмірін еске алды. Ол отанына оралуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан үкіметіне алғысын айтып, терроризмге қарсы күресуге дайын екендігін жеткізді. Мәжіліске қатысушылар «Жусан» операциясы жөніндегі деректі фильм мен Сириядан Қазақстанға оралған әйелдердің бейне-үндеуі үлкен әсер қалдырғанын айтады. 

Инга Ронда Кинг, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің төрағасы:

- Кездесу табысты өтті. Қазақстанды осы маңызды бастамамен құттықтағым келеді, осы тақырыпты талқылауды жалғастыратынымызға үміттімін. Соңғы 24 сағатта қазақстандық бастамаларды қалай алға бастыруға болатыны туралы нақты ұсыныстар түсті. Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялағаны туралы фильм бізге үлкен әсер етті. Сіздер өз тәжірибелеріңізді көпшілікке таратуларың кере. Ал біз аймақтық ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту бойынша сіздер атқарып отырған белсенді еңбегіңізден үйренуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы