384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бейбітшілікті нығайтуға зор үлес қосты – Нью-Йорк шіркеуінің пасторы

  • 119
  • UPD: 12:38, 02.07.2019

Америка құрама штаттары Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нью-Йорк шіркеуінің пасторы Роберт Брешью Қазақстанды бірегей мемлекет деп атап отыр. Ол өзі Орталық Азияда болмаған, бірақ Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларын жақсы біледі. Айтуынша, еліміз жаһанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған нақты қадамдар жасап келеді.

Роберт Брешью, Нью-Йорк шіркеуінің пасторы:

Нью-Йоркте діни басшылар форумдарының біріне кіремін. Сол себептен бір-бірімізді жақсы танып, ортақ құндылықтар табуға мүмкіндік беретін түрлі конфессия өкілдерінің кездесулерін өткізу өзекті деп санаймын. Қазақстанда өтетін әлемдік дін басшылары съездерінің маңызы зор. Елдеріңіз тәуелсіздік алғаннан кейін әлемде өзіне лайық орынға ие болды. Бейбітшілік үшін маңызды түрлі мәселелермен айналысып келесіз. Бұл ядролық қарудан бас тарту, терроризмге қарсы күрес, түрлі ұлттар арасында өзара түсіністік табу.

Хабар 24 телеарнасы