389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

  • 358
  • UPD: 18:56, 02.07.2019
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне  тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі  қызметінен босатылды;

Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы