389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Атамқұлов АҚШ-Қазақстан бизнес қауымдастығы мүшелерімен кездесті

  • 241
  • UPD: 21:24, 02.07.2019
Б.Атамқұлов АҚШ-Қазақстан бизнес қауымдастығы мүшелерімен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-қа барды. Сапары аясында ол АҚШ Президенті әкмшілігі және Мемлекеттік департамент басшыларымен кездеседі.

Бейбіт Атамқұлов АҚШ-Қазақстан бизнес қауымдастығы мүшелерімен және америкалық жетекші компаниялардың жетекшілерімен жүздесті. Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, коммуникациялар мен Ай-Ти салаларында жоғары технологиялық ірі жобаларды жүзеге асыру үшін АҚШ тәжірибесін қолданып, капитал тартуға мүдделі. Сондай-ақ Бейбіт Атамқұлов медициналық компаниялардың басшылары, Сити Групп вице-президенті Рик Джонстон және Экссон Мобил корпорациясының өкілдерімен кездескен.

«Біз Теңіз және Қашаған кеніштерін дамыту жобаларында компанияның атқарған еңбегін жоғары бағалаймыз. Бұл жобалардың ел үшін маңызы зор» деді министр. АҚШ - Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктестерінің бірі. 2018 жылы қос ел арасындағы сауда айналымы 2,3 млрд долларға жеткен. Тәуелсіздік алғалы бері АҚШ Қазақстан экономикасына шамамен 47 млрд доллар инвестиция құйған.

Хабар 24 телеарнасы