384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесті

  • 289
  • UPD: 16:20, 04.07.2019

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол АҚШ пен Қазақстан арасында стратегиялық серіктестікті нығайтуға қолдау көрсетіп, жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты қатынастар әрі қарай дамитытына сенім білдірді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстан халқының негізгі құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде Президент Тоқаевтың жақында жасаған мәлімдемесін құптап отыр. Майкл Помпео Сириядағы өз азаматтарын Отанына қайтару бойынша Қазақстан билігі атқарған еңбегіне жоғары баға беріп, өзге елдермен бұл тәжірибесімен бөлісуге шақырды. Сондай-ақ ол Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы Қазақстанның қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

Хабар 24 телеарнасы